OYAN ACADEMY

OYAN ACADEMY

Өзіңді оят. Әлеуетіңді аш. Болашақты өзгерт.

Ұстаздарға — біліктілікті арттыру курстары, ата-аналарға — онлайн репетитор табу, репетиторларға — оқушылармен байланыс.

Сіз кімсіз?

OYAN COURSES · Курстар

Жақын лек: 28 қазан 2026

Лек кестесі бойынша Zoom сабақтары, жеке кабинеттегі материалдар және қорытынды бағалау.

Барлық курстар
ОЯН, ҰСТАЗ!

Біліктілікті арттыру курстары және сертификат

ҚазҰУ ИПК сертификаты тек курс бетінде көрсетілген біліктілікті арттыру курстарына, сол курстың шарттары орындалғанда беріледі. Сертификат беруші мен беру шарты әр курстың бетінде жазылады.

  • ҚР Оқу-ағарту министрлігімен келісілген біліктілікті арттыру бағдарламалары
  • Аттестаттауға жарамды сертификат
  • Біліктілікті арттыру сертификаты Ұстаз платформасында тіркеледі
  • Онлайн оқу және сертификатты жеке кабинеттен алу
Біліктілікті арттыру курсының сертификаты (үлгі)
Сертификат үлгісі · аты-жөні мен курс атауы ойдан алынған
ОЯН, АТА-АНА!

Балаңызға онлайн репетитор іздейсіз бе?

Пәнді, сыныпты және оқыту тілін көрсетіп, сұраныс қалдырыңыз. Модерациядан өткен репетиторлар ішінен сәйкес маман табылғанда хабарласамыз.

Репетитор табу
ОЯН, РЕПЕТИТОР!

Онлайн сабақ бересіз бе?

Репетитор болуға өтінім қалдырыңыз. Профиліңізді өзіміз қарап шығамыз; модерациядан өткен соң ата-аналардың сұраныстарын ала бастайсыз.

Репетитор болу
OYAN ACADEMY

Қалай жұмыс істейді

  1. Қадам 1

    Курсты таңдаңыз

    Бағдарлама, басталу күні, баға және сертификат шарты курс бетінде жазылған.

  2. Қадам 2

    Google немесе пошта арқылы кіріңіз

    Пароль қажет емес. Деректеріңізді бір рет толтырасыз.

  3. Қадам 3

    Кабинеттен оқыңыз

    Сабақ кестесі, Zoom-ға қосылу, материалдар және сертификат — бір жерде.

Анықтама

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлық сұрақтар →

OYAN ACADEMY дегеніміз не?
Ұстаздарға, репетиторларға және ата-аналарға арналған бір платформа: біліктілікті арттыру курстары, онлайн репетитор табу және репетиторларға оқушы табуға көмек. Бір аккаунтпен барлық бөлімді пайдалана аласыз.
Репетиторды қалай табамын?
«ОЯН, АТА-АНА!» бетінде пәнді, сыныпты және оқыту тілін көрсетіп, сұраныс қалдырыңыз. Модерациядан өткен репетиторлар ішінен сәйкес маман табылғанда хабарласамыз. Баланың сыныбынан басқа деректері сұралмайды.
Курсқа қалай тіркелемін?
Курс бетінде «Курсқа тіркелу» батырмасын басып, Google немесе пошта арқылы кіріңіз. Деректерді толтырған соң Kaspi арқылы төлейсіз.
Төлем қашан расталады?
Kaspi төлемді растағаннан кейін жүйе оны автоматты түрде тексереді: курс кабинетте бірден ашылады, поштаңызға растау хаты келеді. Чек жіберудің қажеті жоқ.
Сертификат үшін бөлек төлеу керек пе?
Жоқ. Сертификат пен қосымша курс бағасына кіреді. Сертификат оқу және бағалау талаптары орындалғаннан кейін беріледі.
Курсты қалай оқимын?
Оқу лек бойынша өтеді: кесте бойынша Zoom сабақтарына қатысасыз, ал материалдар мен сабақ жазбалары жеке кабинетте жарияланады.
Тіркелу және байланыс

Сұрағыңыз болса, бізге хабарласыңыз. Қолдау көрсетуге дайынбыз.